ҚАЕУ өкілдері Балаларды қорғау халықаралық күніне орай «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады
Балаларды қорғау халықаралық күніне орай Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері «Үміт» балалар үйіне (Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ) арнайы барып қайтты.
Университет атынан тәрбиеленушілерді ҚАЕУ ректорының кеңесшісі Наталия Александровна Нестеренко және ҚАЕУ президентінің кеңесшісі Рыспек Қасымжанұлы Қасенов құттықтады.
Мерекелік кездесу аясында балаларға дүниетанымын кеңейтуге және танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған дамытушы ойындар сыйға тартылды.
ҚАЕУ ұжымы «Үміт» балалар үйінің қызметкерлеріне балаларға көрсетіп жүрген қамқорлығы, мейірімі мен жанашырлығы үшін шынайы алғысын білдіреді. Сондай-ақ барлық тәрбиеленушілерге амандық, өз күшіне сенім және жарқын болашақ тілейді.

