ҚАЕУ Өскемендегі 50-ден астам мектептермен ынтымақтастықты кеңейтуде

Жаңа оқу жылының басында Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері Өскемен қаласының 50-ден астам мектебіне алғашқы сапарларын жасады. Кездесулер орта білім беру ұйымдарымен серіктестік қатынастарды дамытуға, университеттің білім беру жобаларын таныстыруға және оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Сапар барысында ҚАЕУ өкілдері мектептердің басшылығы мен педагогикалық ұжымдарын университеттің білім беру мүмкіндіктерімен, қолданыстағы бастамалармен және бірлескен жұмыстың  келшектегі бағыттарымен таныстырды. Екі дербес – SmartStart KAFU және «ҚАЕУ бейіндік сыныбы»  білім беру жобасына ерекше назар аударылды.

SmartStart KAFU-жоғары сынып оқушыларына мектепте оқумен қатар университеттің бірінші курс пәндерін игеруге мүмкіндік беретін инновациялық білім беру жобасы. Ерте университеттік оқыту бағдарламасы оқушыларға академиялық ортаға алдын ала кіруге, жоғары білім деңгейінде білім алуға және ЖОО-да одан әрі оқуға дайындалуға мүмкіндік береді. 2025 жылы SmartStart KAFU алғашқы шығарылымы болды: қатысушылар мектеп пен университеттік білім берудің сабақтастық моделінің тиімділігін көрсете отырып, 43 кредиттік бағдарламаны сәтті аяқтады.

2022-2023 оқу жылынан бастап іске асырылып келе жатқан «ҚАЕУ бейіндік сыныбы» жобасы жеке ұсынылды. Ол 10-11 сынып оқушыларына және кәсіби бағдарлауға, дайындықтың әртүрлі бағыттарына қызығушылықты дамытуға және университет ортасымен танысуға бағытталған. Жоба аясында оқушылар сабақтарға, дәрістерге, шеберлік сабақтарына қатысады, ҚАЕУ оқытушыларымен және шақырылған сарапшыларымен  тәжірибелік іс-шараларға және кездесулерге қатысады, болашақ мамандықты таңдауға саналы түрде жақындауға мүмкіндік алады.

Кездесулер барысында университет пен қала мектептері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту  келешегі талқыланды. Басым бағыттардың қатарына бірлескен білім беру, ғылыми, зияткерлік және шығармашылық жобаларды іске асыру, олимпиадалар, шеберлік сабақтары, тренингтер өткізу, оқушылардың зерттеу және кәсіпкерлік белсенділігін дамыту, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау іс-шараларын ұйымдастыру жатады.

Мектеп педагогтарының ҚАЕУ профессорлық-оқытушылық құрамымен өзара іс-қимылына, тәжірибе алмасуға, оқушыларды университет бастамаларына тартуға және олардың қабілеттері мен таланттарын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударылды.

Алғашқы сапарлар Өскемендегі білім беру ұйымдарымен серіктестік байланыс орнатудың және нығайтудың маңызды кезеңі болды. Кездесулер өзара іс-қимылдың  келешек бағыттарын талқылауға және бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша одан әрі қадамдарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Қазақстан-Американдық еркін университеті орта және жоғары білімнің сабақтастығына, ерте кәсіптік бағдарлануға және оқушылардың жеке білім беру траекторияларын қалыптастыруға жағдай жасай отырып, қала мектептерімен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.