Қазақстандық студенттер Туринде өтетін Бүкіләлемдік Универсиадада ел намысын қорғауда
2025 жылғы 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында ХХХІІ Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада өтуде. Қазақстан құрамасының сапында біздің университеттен 13 спортшы өнер көрсетуде. Олар ел намысын биатлон, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, сондай-ақ ерлер және әйелдер хоккейі бойынша қорғауда.
Біздің спортшыларымызбен мақтанамыз және оларға халықаралық аренада жоғары нәтижелерге жету жолында сәттілік тілейміз!
| ТАӘ | Курс | Мамандық | Спорт түрі |
| Кузьмина Ангелина | 3 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Спорттық бағдарлау |
| Русаков Семен | 2 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Фристайл Могул |
| Жұмағазыева Әсем | 1 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Шаңғы жарысы |
| Саяхаткызы Дильназ | 4 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Шайбалы хоккей |
| Саяхаткызы Мунира | 4 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Шайбалы хоккей |
| Гавриленко Иван | 4 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Шайбалы хоккей |
| Хохлова Дарья | 1 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Шайбалы хоккей |
| Исабек Ілияс | 2 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Шаңғы жарысы |
| Тұрлыбекұлы Нартай | 1 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Шаңғы жарысы |
| Емельянов Максим | 3 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» | Фристайл |
| Ляпунов Кирилл | 4 | 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» қазақ тобы | Шайбалы хоккей |
| Мокина Полина | 4 | 6B11102 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» | Шайбалы хоккей |




