Қонақ дәрісі «Баланы  кітап оқуға қалай қызықтыруға болады?»

2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде  «Кітап оқитын ұлт»  жобасы аясында «Баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болады?» қонақ дәрісі болып өтті. Спикер ретінде А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының кітапханашысы Бузуртанова Элина Назировна сөз сөйледі. Іс-шараға «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Кездесу барысында студенттер балалардың кітапқа деген қызығушылығын дамытудың тиімді әдістерімен танысты, отбасы, педагог және кітапхананың оқырман мәдениетін қалыптастырудағы рөлін талқылады. Болашақ мұғалімдер кәсіби қызметте қолдана алатын балалар әдебиетімен жұмыс істеудің заманауи әдістеріне ерекше назар аударылды.

«Педагогика және психология» кафедрасы