ҚР Жазғы жастар чемпионатында ҚАЕУ студентінің қола жеңісі

2026 жылдың 23-28 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының Жазғы жастар чемпионаты өтті, оған «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті – Жұмағазыева Әсем Асхатқызы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Әсем Асхатқызы 4×5 км аралас эстафетада 3 орын алып, спорттық дайындықтың жоғары деңгейін және лайықты нәтижесін көрсетті.

ҚАЕУ өз студентінің жетістігін мақтан тұтады және одан әрі табысты бастаулар, жаңа спорттық жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейді!

«Педагогика және психология» кафедрасы