Қырғыз Республикасының Жас дипломаттар клубы өкілінің онлайн-қонақ дәрісі

2026 жылғы 13 наурызда құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері үшін Қырғыз Республикасындағы Жас дипломаттар клубының негізін қалаушы Даниил Сұранұлы Ақаевтың онлайн-қонақ дәрісі өтті. Баяндаманың тақырыбы – «Көпвекторлы сыртқы саясат және жастардың қатысуы: дипломатия теориясынан нақты ықпалға дейін».

Дәріс барысында спикер Қырғыз Республикасының сыртқы саясатының қазіргі үрдістері, көпвекторлы дипломатиялық курсты іске асыру ерекшеліктері, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы жастар бастамаларының рөлі туралы айтып берді. Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының өзара іс-қимыл мәселелеріне, өңірлік әріптестік  келешегіне және жас мамандардың дипломатиялық қызметке қатысуына ерекше назар аударылды.

Студенттер талқыланатын тақырыпқа белсенді қызығушылық танытып, пікірталасқа қатысып, дәріскерге заманауи халықаралық қатынастар мен жастардың дипломатиялық және қоғамдық жобаларға қатысу мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы Даниил Сұранұлы Ақаевқа мазмұнды және өзекті сөз сөйлегені үшін, сондай-ақ студенттермен қызықты диалог үшін алғысын білдіреді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы