Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кездесу

2025 жылғы 21 қазанда Ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Анна Вернермен кездесті.

Кездесу барысында спикер алаяқтыққа қарсы күрес, есірткі қылмыстары мен дропперлікке қарсы іс-қимыл сияқты өзекті мәселелерге-қылмыстық схемаларға қатысудың жаңа түріне ерекше назар аудара отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алудың заманауи шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Прокурорлық  тәжірибеден алынған нақты мысалдарды талқылау студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды, бұл мәселеге тек теориялық жағынан ғана емес,  тәжірибелік жағынан да қарауға мүмкіндік берді. Анна Вернер қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, әр азаматтың заңды сақтағаны үшін құқықтық хабардарлығы мен жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара болашақ заңгерлердің заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, жанды және танымдық ахуалда өтті.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы