Өскемен қаласының Аналар үйінде «Құқықтық қамқорлық»  акциясы

2026 жылғы 15 қаңтарда қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру  аясында ШҚО Әділет департаменті ШҚО Прокуратурасының, ШҚО Полиция департаментінің өкілдерімен, заң қоғамдастықтарының өкілдерімен бірлесіп, «Аналар үйі» ресурстық орталығының базасында «Құқықтық қамқорлық» акциясын өткізді, ол қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға қолдау көрсетеді.

 Іс-шара барысында аталған адамдарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, құжаттарды қалпына келтіру және ресімдеу, алимент өндіріп алу, әкелікті анықтау мәселелері бойынша кәсіби құқықтық кеңестер берілді, сондай-ақ қорғаудың құқықтық тетіктері мен уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

  Аталған акцияға ҚАЕУ заң клиникасының басшысы Мужчиль Савелий Александрович және «Құқық және кеден қызметі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Никита Бастоногов қатысты.

                                                   Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы