ҚАЕУ ғалымдары ШҚО-да ғылым күніне орай марапаттарға ие болды
2026 жылғы 10 сәуірде Өскеменде өңірлік ғылыми-технологиялық кеңестің отырысы өтті. Іс – шара аясында кәсіби мереке – Ғылым күніне орайластырылған ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті.
Марапатталғандардың қатарында Қазақстан-Американдық еркін университетінің ғалымдары бар. Ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ белсенді ғылыми-зерттеу қызметі үшін атап өтілді:
• Нұрланова Әсем Нұрланқызы;
• Бордияну Илона Владимировна;
• Мұхамадиева Айжан Арғынқызы.
Рәсім жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар өкілдерінің сөз сөйлеуін, өзекті ғылыми жобаларды және өндіріске инновацияларды енгізу мәселелерін талқылауды қамтитын отырыс бағдарламасының бір бөлігіне айналды.
ҚАЕУ ғалымдарының марапаты университеттің ғылыми мектебінің жоғары деңгейін және оның Шығыс Қазақстан облысының ғылыми әлеуетін дамытудағы маңызды рөлін дәлелдейді.
Құттықтаймыз және ғылым саласында одан әрі табыс тілейміз!









