«ҚАЕУ-2025 бейіндік сыныбы» жобасының қорытындысын шығару
2025 жылғы 15 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бағдарлануын қолдауға бағытталған маңызды бастама — «ҚАЕУ бейінді сыныбы» білім беру жобасының қорытындысы салтанатты түрде шығарылды.
Қазіргі қоғам жас ұрпақтан ойлаудың икемділігін, сыни көзқарасты және білімге үздіксіз ұмтылуды талап етеді. Сондықтан да ҚАЕУ жүзеге асыратын «Мектеп — колледж — университет» сабақтастық моделі болашақ көшбасшыларды даярлаудың негізіне айналады. Осы модель аясында 2024-2025 оқу жылы ішінде 10-11 сынып оқушылары «ҚАЕУ бейіндік сыныбы» жобасына қатысты.
Жоба балаларға оқуға түсер алдында университетпен танысуға бірегей мүмкіндік берді. Оқушылар шеберлік сабақтарына, дәрістерге, интерактивті сабақтарға қатысты, оқытушылармен сұхбаттасты және ҚАЕУ білім беру бағдарламаларымен тікелей танысты.
Жобаның бастамашысы ҚАЕУ президенті – Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы болды. Оның бастамасы бойынша бейіндік сыныптар өтеусіз негізде ұйымдастырылды, бұл барлық ынталы оқушылар үшін қатысудың қолжетімділігін қамтамасыз етті.
Оқу жылының соңында жобаға қатысушыларға университетке түсу кезінде атаулы жеңілдіктер алу құқығын беретін ҚАЕУ бейіндік сыныбын бітіргені туралы Дипломдар табыс етілді.
Салтанатты рәсімде құттықтау сөздерімен сөз сөйлегендер:
- Дэниел Бэлласт – ҚАЕУ халықаралық байланыстар және бағдарламалар жөніндегі вице-президенті
- Байкенов Жасұлан Ерболұлы – ҚАЕУ бірінші вице-президенті
- Нестеренко Наталья Александровна – ҚАЕУ ректорының кеңесшісі
Жобаның маңыздылығы және оны жүзеге асырғаны үшін университет атына алғыспен жобаға қатысқан мектеп директорлары сөз сөйледі:
- Абюрова Гүлмира Қайырқанқызы – № 39 орта мектебінің директоры
- №23 және №27 мектептердің өкілдері
«ҚАЕУ бейіндік сыныптары» жобасы көптеген оқушылар үшін саналы кәсіби таңдаудың алғашқы қадамы болды. Ол сапалы білім университетке түскенге дейін – дұрыс уәждемемен, қолдаумен және ашық есіктермен басталуы мүмкін екенін дәлелдеді.
ҚАЕУ – ді таңдағанда, сендер жаңа ұрпақты қалыптастыратын университетті таңдайсыңдар – сауатты, креативті, сыни тұрғыдан ойлайтын, салмақты шешім қабылдауға қабілетті студенттерді. Қазақстан-Американдық еркін университеті – элиталық білім мен табысты болашаққа сенімді жол.























