ҚАЕУ, BEREL ACADEMY және «BEREL» волейбол клубы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университеті, «BEREL» кәсіби волейбол клубы» қоғамдық қоры және «BEREL ACADEMY» ЖШС қосымша білім беру, кәсіби даму және спорт үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚАЕУ-ден меморандумға қол қоюға университеттің бірінші вице-президенті, PhD докторы Жасұлан Ерболұлы Байкенов, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Әсем Нұрланқызы Нұрланова және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Серік Мерзоянұлы Әбілов қатысты.

«BEREL» кәсіби волейбол клубын «BEREL» кәсіби волейбол клубы» қоғамдық қорының директоры Қази Бауыржан Мұратұлы ұсынды. «BEREL ACADEMY» атынан директордың орынбасары Қанат Төлеуханұлы Төлеуханов және маман Дмитрий Валериевич Марюхнич қатысты.

Құжат жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға, спортшылар мен спорт саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сондай-ақ ҚАЕУ студенттерін тәжірибеге бағдарланған оқытуды ұйымдастыруға бағытталған.

Келісім шеңберінде тараптар бірлесіп курстар, семинарлар, тренингтер, дәрістер, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер және  тәжірибелік сабақтар өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шаралар ҚАЕУ базасында, клубтың спорт нысандарында және цифрлық білім беру платформаларын пайдалана отырып, күндізгі, қашықтықтан және аралас форматта өткізіле алады.

BEREL ACADEMY білім беру бағдарламаларын, оқу-тақырыптық жоспарларды, әдістемелік материалдар мен  тәжірибелік тапсырмаларды әзірлейді, сондай-ақ оқытушыларды, жаттықтырушылар мен сарапшыларды тартады. ҚАЕУ ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді, қажетті білім беру ресурстарын ұсынады және студенттер үшін қонақ дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуге жағдай жасайды.

«BEREL» кәсіби волейбол клубы спорт саласының өзекті қажеттіліктерін айқындауға, жаттықтырушылар мен спортшыларды тартуға қатысады, сондай-ақ қатысушыларға практикалық тәжірибе мен кәсіби кейстерді беруді қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастық ҚАЕУ студенттері үшін ерекше маңызды. Олар жаттықтырушылармен және спортшылармен қарым-қатынас жасай алады, тәжірибелік сабақтарға қатыса алады, кәсіби жағдайларды талдай алады және тікелей спорт саласының мамандарынан білім алады. Білім беру бағдарламаларының қорытындысы бойынша қатысушыларға ҚАЕУ, Академия және Клубтың бірлескен сертификаттарын беру көзделген.

Меморандум жасасу спорттық білім беруді дамытуға, студенттердің, жаттықтырушылар мен спортшылардың кәсіби өсуіне, сондай-ақ  заманауи спорт индустриясы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.