ҚАЕУ-де «Сот аудармашысы туралы» заң жобасын талқылау бойынша Дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 9 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Сот аудармашысы туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – заң жобасын талқылау, ықтимал олқылықтарды анықтау, сондай-ақ құқықтану, лингвистика және сот тәжірибесі салаларындағы мамандардың пікірлерін ескеру.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысқандар:
1. Алембаев К. О. – философия докторы (PhD), профессор, ҚАЕУ «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі;
2. Әділмұратова Р. А. – заң ғылымдарының магистрі, ҚАЕУ аға оқытушысы, докторант;
3. Бекбосын Т.Ғ. – Астана қаласы Әділет департаментінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы, сот жүйесінің ардагері, журналист, бұрын — Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотында мемлекеттік тіл бөлімінің меңгерушісі;
4. Әділмұратова А.А. – ҚР «Сот әкімшілігі департаменті» РММ ШҚО бойынша филиалының бас маманы, сот аудармашысы;
5. Қалиақпаров Қ.Ш. – РАА президиумының мүшесі, ШҚО АА президиумының мүшесі, «ШҚО АА» АА адвокаты;
6. Александров В.А. – ШҚО прокурорының аға көмекшісі, кадр жұмысы тобының жетекшісі, әділет аға кеңесшісі;
7. Қабылжанова Г.Т. – нотариус, бұрын – «ШҚО бойынша соттар әкімшісі» РММ мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маманы, сот аудармашысы;
8. Мужчиль С.А.- ШҚО бойынша заң консультанттары Палатасының заң консультанты, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі;
9. Абдилова Ж.М. — Абдилова ЖК аудармашысы;
10. Нұрланова Ә.Н. — филология ғылымдарының кандидаты, ҚАЕУ профессоры;
11. Умитчинова Б.А. – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор;
12. Еділбаева Г.Б. – «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі;
13. Жүнісбеков Е.М. – ҚАЕУ «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының докторанты;
14. Мисевра Л. А. – ҚАЕУ аға оқытушысы, психологиялық-педагогикалық білімі магистрі;
15. Зарлықанов М. – «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ҚАЕУ «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы;
16. Қаженова А.М. — «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ҚАЕУ «Педагогика және психология» кафедрасы.
Талқылау барысында сараптамалық пікірлер ұсынылып, кәсіби мәлімдеулер мен түсініктемелер берілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар 2025 жылғы 5 мамырда оларға жіберілген заң жобасына сындарлы ұсыныстар мен ескертулер айтты.
Талқылау қорытындысы бойынша «Сот аудармашысы туралы» заң жобасы мақұлданды. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы сот аудармасы институтының кәсіби және құқықтық негізін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.












