ҚАЕУ заң клиникасының өкілдері мектепоқушыларына Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндірді

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің заң клиникасының өкілдері Өскемен қаласының «Исток» жеке жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

ҚАЕУ заң клиникасының жетекшісі Мужчиль Савелий Александрович пен құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттері Еркежан Ақетпаева, Аделина Гитерман және Данил Максименко спикерлер болды.

Кездесу барысында оқушылар Конституцияның нені білдіретінін, оның қоғам мен мемлекет өмірінде қандай рөл атқаратынын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қандай құқықтық новеллалар көрініс тапқанын білді. Конституциялық нормалардың маңыздылығына, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларда мемлекеттің конституциялық құрылымының негіздерін түсінуді қалыптастыруға ықпал етті.

«Исток» мектебінің басшылығы мен ұжымына өскелең ұрпақты құқықтық ағартуға мүдделілігі мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы