Қоғамдық орындардағы және цифрлық ортадағы заңды жауапкершілік

2026 жылғы 22 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің барлық білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері үшін «Қоғамдық орындардағы және цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті PhD докторы, «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Р.А.Әділмұратова өткізді.

Іс-шараның мақсаты-студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық орындарда және цифрлық кеңістікте заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың салдары туралы хабардар ету.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық, балағат сөздер айту және азаматтарды қорлау, тыйым салынған орындарда темекі бұйымдарын, электрондық темекі мен вейптерді пайдалану, сондай-ақ тыйым салынған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар арқылы таратуға қатысты ережелері қаралды. Дәріс аясында білім беру ұйымдарының аумағында діни рәсімдерді өткізуге қатысты заңнаманың талаптары түсіндірілді. Білім беру ұйымының заңнамасы мен ішкі ережелерінің талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бұзақылық, көрінеу жалған ақпарат тарату, сепаратистік қызмет, терроризм мен экстремизмді насихаттау және қаржыландыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдарды тарату, сондай-ақ әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін ережелері түсіндірілді. Студенттерге қол жетімді және түсінікті түрде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік арасындағы айырмашылықтар түсіндірілді, сонымен қатар интернеттегі әрбір жарияланым, түсініктеме, репост немесе хабарлама заңды салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Дәріс жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға және цифрлық ортада жауапты мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған.