«Құқық» білім беру бағдарламасының студенттері Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына барды

2026 жылғы 22 қазанда «Заң мен тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқық» білім беру бағдарламасының студенттері Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына таныстыру экскурсиясымен барды.

Кездесу барысында студенттер прокуратура органдарының қызметімен, олардың Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесіндегі негізгі міндеттерімен және функцияларымен танысты. Заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтудағы прокуратураның рөліне ерекше назар аударылды.

Экскурсия студенттерге прокуратура қызметкерлері жұмысының ерекшеліктері, қызмет өткеру тәртібі және болашақ заңгерлерге қойылатын талаптар туралы білуге мүмкіндік берді. Алынған ақпарат теориялық білімге пайдалы қосымша болып, білім алушылардың заңгер мамандығының практикалық қырлары туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруына ықпал етті.

Осындай іс-шаралар студенттердің кәсіби бағдарлануына, болашақ мамандығына деген қызығушылығының артуына және заңға құрметпен қарауының қалыптасуына ықпал етеді. «Заң мен тәртіп» бағдарламасын іске асыру жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы