Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының докторантының алдын ала қорғауы

2025 жылғы 14 шілдеде Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасында «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Әділмұратова Рита Әділмұратқызының диссертациялық зерттеуі алдын ала қорғалды.

Диссертацияның тақырыбы қылмыстық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерінің бірі — сот ісін жүргізу тілінің  қағидасына және қылмыстық сот процесінде аудармашының ұйымдық-құқықтық мәртебесіне арналған. Талқылау шеңберінде қылмыстық процеске қатысушылардың тілдік құқықтарын қамтамасыз етудің теориялық және қолданбалы аспектілері қозғалды, сондай-ақ аудармашылардың қылмыстық сот талқылауларына қатысуын реттейтін ағымдағы ұйымдық-құқықтық тетіктерге талдау жүргізілді.

Талқылауға  келесі тәжірибе судьялары қатысты: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы А.С. Савинова және отставкадағы судья, қазіргі адвокат К.К. Сейтов. Олар диссертация ережелерін  тәжірибелік іске асыруға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, ұсынылған зерттеуге оң баға берді.

Ресми  оппоненттер – заң ғылымдарының кандидаты Г.Т.Байркенова және заң ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚУ құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Рамазанова А.С. – талқылауға белсенді қатысып, жұмыстың ғылыми маңыздылығын атап өтті, нақтылайтын сұрақтар қойып, орындалған жұмысты жоғары бағалай отырып, сындарлы ескертулер берді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы талқылауға белсенді қатысып, докторантқа сұрақтар қойып, зерттеуді одан әрі жетілдіруге ықпал ететін құнды ұсыныстар берді.

Алдын ала қорғау сындарлы және кәсіби атмосферада өтті. Алынған ұсынымдар мен ескертулер диссертацияны түпкілікті қорғау алдында оны пысықтау кезінде ескерілетін болады. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары мен құнды ұсыныстары үшін алғыс айтамыз!