ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын аяқтаған түлектердің мемлекеттік қызметке конкурс өткізілмей орналасуына мүмкіндік бар.

Негізгі талаптар:

✅ GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен болмауы керек;
✅ оқу аяқталған күннен бастап бір жылдан аспауы тиіс;
✅ мемлекеттік лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келу қажет.

Түлектер аудандық және ауылдық деңгейдегі мынадай әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алады:

• аудан немесе облыстық маңызы бар қала әкімі мен мәслихаты аппараттарындағы төменгі лауазымдарға;
• жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық және қалалық атқарушы органдардағы басшылық емес лауазымдарға;
• аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарындағы басшылық емес лауазымдарға;
• орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелеріндегі басшылық емес лауазымдарға.

Академиялық үлгерімге қойылатын талап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 115 бұйрығымен белгіленген.

Мемлекеттік қызметте кәсіби жолыңызды бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

🔗 Бос жұмыс орындары туралы толық ақпаратпен «е-Қызмет» порталындағы «Түлектерге арналған бос жұмыс орындары» бөлімінен таныса аласыз:

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/graduate/vacancies