ҚАЕУ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 20 мектепті 30 жылдық мерейтойымен құттықтады!

Қазақстан-Американдық еркін университеті президенті Е.Ә. Мәмбетқазиев және университеттің  бүкіл ұжымы атынан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 20 жалпы білім беретін орта мектебін құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтайды!

Мерекелік іс-шара аясында мектепке ҚАЕУ өкілі-педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Ә. Н.Нұрланова барды, ол университет президенті мен ұжымының атынан құттықтау сөз сөйлеп, мектепке одан әрі өркендеу, дарынды оқушылар, педагогтарға кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

Қазақстан-Американдық еркін университеті білім беруді дамытуға, жас ұрпақты қолдауға және оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған мектеппен көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайды.

Мектепке одан әрі дамуды, жарқын жетістіктер мен жаңа табыстар тілейміз! Біздің серіктестігіміз нығайып, бірлескен бастамаларымыз жақсы нәтиже берсін!