ҚАЕУ-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: менің құқықтарым мен міндеттерім» зияткерлік квизі өткізілді

2026 жылғы 13 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының білім алушылары арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында quiz форматында зияткерлік іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері туралы білімді кеңейту, азаматтық құқықтарды, бостандықтар мен міндеттерді түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттің заңдары мен құқықтық нормаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.

 Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясына, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарына, құқықтық мемлекеттің конституциялық міндеттері мен қағидаттарына арналған сұрақтарға жауап берді. Квиз студенттерге өз білімдерін тексеріп қана қоймай, әр азаматтың өміріндегі конституциялық нормалардың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

Quiz-тестілеу қорытындысы бойынша I орынды құқықтық білімнің жоғары деңгейін және тамаша нәтижелерді көрсеткен Әділ Диас иеленді.

Іс-шара танымдық және белсенді ахуалда өтті, Білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және Қазақстан Республикасының Конституциясына құрмет қалыптастыруға ықпал етті.

Өз құқықтарың мен міндеттеріңді білу – жауапты және саналы азаматты қалыптастырудың маңызды қадамы!