ҚАЕУ «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты
2026 жылғы 15 мамырда Өскеменде «Maxi Mall» СОО-да жұмыс берушілерді, білім беру ұйымдарын, студенттер мен түлектерді біріктірген «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен кәсіптер жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, жәрмеңке жұмысқа орналасу, кәсіби даму және болашақ мамандықты таңдау үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды. Бағдарламада өзекті бос орындар ұсынылды, жұмыс берушілермен сұхбаттар, оқу орындары мен компаниялардың таныстырылымдары, шеберлік сабақтары, VR-оқыту, сондай-ақ грант алушылар көрмесі өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан-Американдық еркін университеті белсенді қатысты. ҚАЕУ бітіруші курс студенттері жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге, еңбек нарығының өзекті ұсыныстарымен танысуға және болашақ жұмысқа орналасу келшегін талқылауға мүмкіндік алды.
Университет алаңында ҚАЕУ өкілдері оқушыларға, түлектерге және іс-шара қонақтарына университеттің білім беру бағдарламалары, халықаралық мүмкіндіктер, студенттік өмір, ғылыми жобалар және кәсіби даму келешегі туралы айтып берді. Келушілер дайындық бағыттары, қабылдау шарттары және ҚАЕУ-де оқудың артықшылықтары туралы толығырақ біле алды.
Іс – шараның жарқын көрінісі ҚАЕУ шығармашылық ұжымдарының-Vortex және One Sense би топтарының өнер көрсетуі болды, олар фестиваль қонақтарына мерекелік ахуал құрып, университеттің дарынды және белсенді студент жастарын көрсете отырып, жігерлі және әсерлі нөмірлер сыйлады.
ҚАЕУ-нің «Мамандық Pro-Fest 2026» бағдарламасына қатысуы білім беру жүйесі мен өңірдің жұмыс берушілері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ болашақ талапкерлерге заманауи жоғары білім беру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.












