ҚАЕУ мен Камберленд Университетінің ынтымақтастығының жаңа көкжиектері

Қазақстан-Американдық еркін университеті АҚШ-тың Теннесси қаласындағы Камберленд Университетімен серіктестікті нығайтуды жалғастыруда. Сіздердің назарларыңызға Камберленд Университеті осы жылдың басында ҚАЕУ басшылығының Камберлендке сапары туралы жариялаған мақаласы ұсынылған.

Бүгінгі таңда Қазақстан-Американдық еркін университеті Камберленд Университетінің президенті доктор Пол Стамбпен, проректордың орынбасары доктор Марк Хэншоумен және тарих профессоры доктор Шон МакДэниелмен белсенді қарым-қатынас жасап, университеттеріміз арасында академиялық алмасуға жаңа мүмкіндіктер туғызуда.

ҚАЕУ өз студенттерін ағымдағы оқу жылы аяқталғаннан кейін Камберлендке оқуға жіберуді жоспарлап отыр. Ал 2026 жылдың мамыр айында Камберленд университетінің бір топ студенттері Орталық Азия тарихы мен мәдениетіне арналған алмасу бағдарламасы аясында Қазақстан-Американдық еркін университетіне келеді. Бұл бағдарлама ҚАЕУ студенттерімен бірлесіп іске асырылатын болады.