ҚАЕУ мен Облыстық әкімдік өкілдерінің кездесуі

2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде мен Облыстық әкімдік өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесу барысында университет базасында ашылған Кәсіпкерлік орталығын дамыту бойынша бірлескен ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Орталықтың мақсаты – жастар кәсіпкерлігін дамытуға қолайлы жағдай жасау, стартап-жобаларды қолдау және өңірдің инновациялық экожүйесін қалыптастыру.

Талқылау конструктивті жағдайда өтті, тараптар кәсіпкерлік әлеуетті дамытуға бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға және одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.