ҚАЕУ президенті Отан қорғаушылар күніне орай гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
2026 жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен С.Нұрмағамбетов атындағы саябақта өтті.
Іс-шараға қатысушылар өмір жолы мен Отанға мінсіз қызметі өскелең ұрпақ үшін батылдық пен патриотизмнің үлгісі болып табылатын Сағадат Қожахметұлын еске алды.







