ҚАЕУ студенті-армрестлингтен Қазақстан Республикасы чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері
2026 жылғы 18 қарашада Алматыда армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, онда 6В01402 «Дене шынықтыру және спорт» (IP) білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті Қасымхан Дәулет Сайлауханұлы сәтті өнер көрсетті.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшы оң және сол қолдарындағы күрес жарыстарында екі қола медаль жеңіп алып, спорттық дайындықтың жоғары деңгейін, күш пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Дәулетті лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Одан әрі спорттық жетістіктер, жарыстарда табысты өнер көрсетулер және жаңа жарқын жеңістер тілейміз!
Педагогика және психология кафедрасы
