ҚАЕУ студенттері КҚДҚӨ әдісінің мүмкіндіктерімен танысты
2026 жылғы 17 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Психология» білім беру бағдарламасының студенттері «Тәжірибені түсінуден қайта өңдеуге: КҚДҚӨ мүмкіндіктері» тәжірибелік семинарына қатысты. Іс-шараны психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Бүкілресейлік кәсіби психотерапия лигасының аккредиттелген жаттықтырушысы Лариса Викторовна Левина өткізді.
Семинар барысында студенттер психотравматикалық тәжірибемен және эмоционалды күрделі естеліктермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын көз қозғалыстарын десенсибилизациялау және қайта өңдеудің негізгі қағидаттарымен танысты. Іс-шараға қатысу болашақ психологтарға заманауи психотерапиялық әдістер, травматикалық тәжірибені қайта өңдеу механизмдері және оларды пайдалану кезінде кәсіби этиканы сақтаудың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Педагогика және психология кафедрасы