ҚАЕУ студенттері массаж және заманауи сауықтыру технологияларының  тәжірибелік дағдыларын игерді

2026 жылғы 20 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері үшін «Массаж және заманауи сауықтыру технологиялары» пәні  аясында  тәжірибелік сабақтар өтті.

Сабақтар «Сен сұлу» сұлулық салоны базасында орыс және қазақ тілдерінде оқитын топ студенттерінің қатысуымен өтті.

 Тәжірибелік сабақтар барысында студенттер массаждың әртүрлерінің, соның ішінде классикалық, спорттық, нүктелік, вакуумдық және емдік ерекшеліктерімен танысты. Оларды орындау әдістеріне, адам ағзасына әсеріне, сондай-ақ сауықтыру және спорттық  тәжірибеде массаж әдістерін қолдануға ерекше назар аударылды.

Мамандардың жетекшілігімен студенттер алған теориялық білімдерін бекітіп,  тәжірибелік дағдыларын пысықтап, денені қалпына келтірудің және физикалық денсаулықты сақтаудың заманауи әдістері туралы түсініктерін кеңейте алды.

Сабақ қорытындысы бойынша белсенді қатысқаны, көрсеткен білімі мен  тәжірибелік шеберлігі үшін 4-курс студенттері Игорь Махнев пен Али Рамазанов бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай сабақтарды өткізу дене шынықтыру және спорт саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді, оларға теориялық білімді тәжірибеде қолдануға және заманауи сауықтыру технологияларымен танысуға мүмкіндік береді.

«Сен сұлу» сұлулық салонына ынтымақтастық және  тәжірибелік сабақтар өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.