ҚАЕУ студенттері семсерлесуден Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды

2026 жылғы 19–27 қыркүйек аралығында Семей қаласында ересектер арасында семсерлесуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Дене шынықтыру және спорт» (IP) білім беру бағдарламасының студенттері Кристина Красикова мен Валерия Мишенина екінші орын иеленді!

Екі спортшы да спорт шебері атанып, спорттық мансабын университеттегі оқуымен табысты ұштастырып жүр.

Кристина мен Валерияны лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Өз күштеріне деген сенімділік, жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер және биік тұғырларды бағындыруды тілейміз! Студенттерімізді мақтан тұтамыз!

Педагогика және психология кафедрасы