ҚАЕУ студенттері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

2025 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. «ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығымен және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментімен бірге олар Өскемен қаласы аумағында  пайда болған стихиялық қоқыстардың бірін жоюға көмектесті.

Сенбілікке педагогика және психология кафедрасының студенттері  қатысты. Олардың немқұрайды қарамағаны, бастамашылдығы және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға дайын болуы жастардың экологиялық жауапкершілігінің үлгісі болды.

Мұндай акциялар экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді, табиғатты қорғаудың өзекті мәселелерін шешу үшін мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің күш-жігерін біріктіреді.

Қазақстан-Американдық еркін университеті акцияның барлық қатысушыларына белсенді азаматтық ұстанымы мен қаламызды таза, әрі жайлы етуге ұмтылысы үшін алғыс білдіреді.