ҚАЕУ студенттері жастар журналистикасын дамытқаны үшін халықаралық сертификаттар алды
2026 жылдың мамыр айында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері жастар тәуелсіз журналистикасын дамытуға белсенді қатысқаны үшін Jastar Soilesin халықаралық жобасының ынтымақтастық сертификаттарымен марапатталды.
Сертификаттар National Endowment for Democracy (NED) қолдауымен жүзеге асырылатын Human ‘s Hope Foundation және Jastar Soilesin жобасы атынан табыс етілді. Марапаттау құжаттарында студенттердің белсенді азаматтық ұстанымы, өзекті тақырыптарды жариялауға кәсіби көзқарасы және сенімді деректерді пайдалана отырып, медиа кеңістік арқылы қоғамдық мәселелерді шешуге деген ұмтылысы атап өтілді.
Жоба аясында студенттер журналист Индира Кәкімованың жетекшілігімен іс-тәжірибеден өтті. Болашақ мамандар өзекті қоғамдық тақырыптармен жұмыс істеудің құнды тәжірибесіне ие болды, медиаматериалдарды дайындау, сұхбаттасу және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. ҚАЕУ ұжымы Индира Кәкімоваға кәсіби тәлімгерлік, студенттерді қолдау және тәжірибеге бағдарланған журналистік білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Сертификаттардың иегерлері болған ҚАЕУ студенттері:
– Никита Табаков;
– Сабина Мұратова;
– Элеонора Тян;
– Юрий Матвиенко;
– Александр Харламов;
– Валентина Вольхина;
– Данил Тыщицкий;
– Ерасыл Марат;
– Есболат Мұратұлы;
– Инкар Есбосынова;
– Мария Шамшура.
ҚАЕУ студенттерінің осындай халықаралық бастамаларға қатысуы болашақ журналистерді даярлаудың жоғары деңгейін, олардың заманауи медианы дамытуға қызығушылығын және ашық және жауапты ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға үлес қосуға ұмтылысын дәлелдейді.
Педагогика және психология кафедрасы




