ҚАЕУ «Study in Kazakhstan» республикалық білім беру көрмесіне қатысты
Қазақстан-Американдық еркін университеті Қазақcтан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында өткен «Study in Kazakhstan» республикалық білім беру көрмесіне қатысты.
Көрме аясында университет өкілдері ҚАЕУ-дың білім беру бағдарламаларын таныстырып, талапкерлерге оқу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық және кәсіби даму перспективалары туралы айтып берді, сондай-ақ болашақ студенттердің сұрақтарына жауап берді.