ҚАЕУ жалпы Республикалық сенбілікке қатысты
2026 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері мен қызметкерлері Өскеменде өткен жалпы Республикалық сенбілікке қатысты.
Қалалық экологиялық акция ұйымдар мен мекемелердің өкілдерін, жастарды, еріктілерді және облыс орталығының жанашыр тұрғындарын біріктірді. Қатысушылар қалалық аумақтарды абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізді.
ҚАЕУ өкілдері де ортақ бастамаға қосылып, туған қаланы тәртіпке келтіруге және оның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Мұндай іс-шараларға қатысу – бұл Өскеменді абаттандыруға қосқан үлес ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті, әлеуметтік жауапкершілікті және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңызды бөлігі болып табылады.
ҚАЕУ студенттері үшін сенбілік қалаға қамқорлық әрқайсымыздың нақты әрекеттерімізден басталатынын көрсетудің тағы бір мүмкіндігі болды.
Таза қала-біздің ортақ жауапкершілігіміз!








