Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен!

Бүгін, 2026 жылдың 9 мамырында біз Жеңіс Күнін атап өтеміз. Бұл мереке болашақ ұрпақ үшін бейбітшілік пен бостандықты  қорғап қалғандардың теңдесі жоқ батылдығының, табандылығының және адалдығының символы болып табылады.

Осы айтулы күні Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері Даңқ Мемориалына салтанатты түрде гүл шоқтарын қоюға қатысты. Батырларға  лайықты баға беру және ардагерлердің  ерлігін зор  қадір тұту – бұл құрметті миссия.

Тарихи жадыны сақтау және дәстүрлердің сабақтастығы маңызды құндылықтар болып табылады. Біз  ерекше зор күш-жігердің арқасында бізге бейбіт аспан сыйлағандарды еске аламыз.

Мерекемен құттықтаймыз және әр үйде зор денсаулық, амандық пен келісім тілейміз!