«Ақтауға болмайды айыпталсын»: кәсіби этика туралы диалог

«Адал азамат» бағдарламасы аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасының оқытушысы Камилла Ерланқызы студенттердің этикалық ойлауын, кәсіби жауапкершілігін және дәлелді пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталған «Ақтауға болмайды айыпталсын» интерактивті іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында студенттер даулы кәсіби жағдайларды шағын-пікірталас форматында талдап, кезек-кезек айыптаушы тараптың, қорғаушы тараптың өкілдері және қазылар алқасының мүшелері ретінде әрекет етті. Қатысушыларға өз пікірлерін білдіріп қана қоймай, ұстанымын дәлелдеу, кәсіби этика нормаларын ескеру және қабылданған шешімдердің ықтимал салдарын бағалау қажет болды.

Интерактивті формат студенттерге әр түрлі бағыттағы кәсіби дилеммаларды қарастыруға, қарама-қарсы көзқарасты естуге, өз ұстанымдарын негіздеуге және салмақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.

Іс – шара адалдық, әділдік, жауапкершілік және саналы кәсіби таңдау – «Адал азамат» бағдарламасының негізінде жатқан құндылықтар туралы ашық диалог алаңына айналды.