Академик Е.Ә. Мәмбетқазиев мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен уәждемелік кездесу өткізді

2026 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы тыңдаушыларының Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті, Қазақстан жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының құрметті ректоры Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевпен  уәждемелік кездесуі өтті.

Іс-шара көшбасшылық, кәсіби даму, білім беру мен қоғамға қызмет ету рөлі мәселелеріне арналды. Кездесуге мемлекеттік басқару жүйесінде одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін қайта даярлаудан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Кездесуді ашқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шығыс Қазақстан филиалының директоры Жанар Қалиқанқызы Буканова Ережеп Әлхайырұлының отандық білім беру, ғылым мен адами капиталды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға белгілі ғалым мен қоғам қайраткерінің өміріне, ғылыми және басқарушылық қызметіне арналған бейнеролик ұсынылды.

Ашық диалог форматында академик Е.Ә.Мәмбетқазиев  заманауи көшбасшылыққа көзқарасымен бөлісті, тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында басшыға қажетті қасиеттер туралы айтып берді, үздіксіз білім берудің, өзін-өзі дамытудың және қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің табысты кәсіби қызметі мен тиімді басқару шешімдерін қабылдауы үшін қажетті құзыреттерге ерекше назар аударылды.

Кездесудің екінші бөлігінде Қазақстанда білім беруді дамытудың және кадрлар даярлаудың стратегиялық мәселелері талқыланды. Ережеп Әлхайырұлы жоғары мектептің даму келешегі, еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру және  дарынды жастар мен инновациялық жобаларды тартуға жағдай жасау туралы өз пікірімен бөлісті. Ол болашақ көшбасшыларды даярлаудағы және адами капиталды дамытудағы университеттердің рөліне жеке тоқталды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның академиялық қоғамдастығының беделді өкілдерінің бірімен тікелей  тілдесу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесу тәжірибе алмасу, қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың өзекті сын-қатерлерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды және қатысушыларды одан әрі кәсіби дамуға және қоғамға қызмет етуге шабыттандырды.