Авторлық құқық объектілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер алынды
Заң ғылымдарының кандидаты, ҚАЕУ қауымдастырылған зерттеуші профессоры Айман Шереханқызы Муталяпова Қазақстан Республикасының авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың Мемлекеттік тізілімінде «Адам құқықтары мен бостандықтары» авторлық оқу бейнекурсын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды.
Сондай-ақ, авторлары аға оқытушы Маржан Нұрбекқызы Тәжиева және з.ғ.к., қауымдастырылған зерттеуші профессор Айман Шереханқызы Муталяпова болып табылатын «Цифрландыру және әлеуметтік мемлекеттің дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау құқығын қамтамасыз ету» ғылыми туындысы тіркелді.
Авторларды осы жетістіктерімен құттықтаймыз және ғылыми, білім беру қызметінде одан әрі табыстар тілейміз!

