Азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері бойынша ақпараттық-түсіндіру дәрісі
2026 жылғы 17 қыркүйекте «Конституцияны түсіндіру» бағдарламасы және «Шет елдердің конституциялық құқығы» пәні аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер азаматтардың негізгі конституциялық құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде бекітілуі мен жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастырды. Бейнероликті көргеннен кейін ұсынылған материал бойынша талқылау өткізіліп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
«Конституцияны түсіндіру» бағдарламасы аясында өткізілген дәріс студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, Конституция мен заңдарға құрметпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ пәнді оқу барысында алған білімдерін бекітуге ықпал етті.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы





