ҚАЕУ ректоры
Мамбетказиев Айдар Ережепұлы – Қазақстан-Американдық еркін университетінің ректоры
Айдар Ережепұлы 1965 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
Орта мектепті бітіргеннен кейін 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсті. 1983 жылдан 1985 жылға дейін Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқарды. 1986 жылдан 1989 жылға дейін Өскемен педагогикалық институтында білімін жалғастырып, «География және биология» мамандығы бойынша бітірді. 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
2004 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінің (ҚАЕУ) магистратурасын «Менеджмент» (MBA) мамандығы бойынша аяқтады, ал 2012 жылы осы университеттің докторантурасын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.
2013 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Айдар Ережепұлы Мәмбетқазиев ҚАЕУ-дегі еңбек жолын 2001 жылы қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент қызметінен бастады, кейін ҚАЕУ-дің бірінші вице-президенті болды. 2013 жылдан бастап ҚАЕУ ректоры қызметін атқарып келеді.
Бүгінде Айдар Ережепұлының басшылығымен ҚАЕУ – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы халықаралық серіктестік негізіндегі жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі. Университет бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасының 40 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды, халықаралық және ұлттық аккредитациядан өткен, жыл сайын Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының рейтингінде жоғары орын алады. Университет құрамында 6 оқу корпусы, спорт кешені, оқу-өндірістік және сауықтыру базалары, сондай-ақ 2 колледж бар.
Айдар Ережепұлының жетекшілігімен ҚАЕУ жыл сайын Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингтеріне кіреді.
Университет елімізде алғашқылардың бірі болып, АҚШ-тың ACBSP халықаралық аккредитация ұйымынан экономика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын аккредитациядан өткізді. «Құқықтану» және «Халықаралық қатынастар» бағыттары бойынша ACQUIN (Германия) халықаралық аккредитациясы алынды. Сонымен қатар, университет институционалдық және мамандандырылған аккредитацияны НАОКО-дан алған.
Айдар Ережепұлының бастамасымен ҚАЕУ-ге «Қалалық университет» мәртебесі берілді. Бұл мәртебе білім беру мекемелері, кәсіпорындар және қалалық билік органдары арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамытуға, мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын ерте кезеңде анықтауға, мектеп түлектерінің мамандық таңдауын бақылауға, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, олардың ғылыми жұмысына жетекшілік етуге және қала экономикасының кадрларға деген сұранысын зерттеуге бағытталған орталық құруды мақсат етеді.
Ол қала мен облыста халық игілігіне арналған оқу-мәдени және спорт нысандарын салуға белсенді атсалысып жүр. Оның бастамасымен ҚАЕУ қаржысына Өскемен қаласында спорт залы салынды, болашақта бұл зал аудан тұрғындары үшін денсаулық орталығына айналмақ. 2018 жылы қала орталығында заманауи жаңа оқу корпусы салынды. Сондай-ақ, басқа қалалардан келген студенттер үшін қазіргі заман талабына сай жаңа жатақхана тұрғызылды.
Қоршаған ортаны қорғауға мән бере отырып, Айдар Ережепұлы Сібе көлдерінің бірін балықтандыру жобасын бастады. Бұл көлдің жағасында «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған оқу базасы құрылмақ.
2013 жылы Айдар Ережепұлы Мәмбетқазиев Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі атанды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды, 2014 жылы А.Байтұрсынұлы медалімен, сондай-ақ 2004 және 2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Білімі:
- Өскемен педагогикалық институты, География (қосымша мамандығы – биология), география және биология пәнінің мұғалімі, 1989 ж.;
- ШҚМУ, «Экономика және менеджмент», экономист, менеджмент мамандығы бойынша маман, 1996 ж.;
- ҚАЕУ, менеджмент магистрі, 2004 ж.;
- 6D050700 – Менеджмент мамандығы бойынша философия докторы (PhD).
ҚАЕУ-дегі жұмыс тәжірибесі:
- 05.12.2013 – қазіргі уақытқа дейін ҚАЕУ ректоры.
- 01.01.2003 – қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі директор;
- 01.06.2007 – қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент;
- 01.09.2011 – бірінші вице-президент;









