«Қысқартылған білім беру бағдарламалары» факультеті
«Қысқартылған білім беру бағдарламалары» факультеті бакалавриаттың 20 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерде техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім негізінде, оқу ақысын толық өтеу және мемлекеттік білім беру гранттары есебінен жүргізіледі.
Факультет құрамында 4 кафедра жұмыс істейді: «Бизнес», «Құқық және халықаралық қатынастар», «Шет тілдері», «Педагогика және психология». Факультеттің оқу процесін ҚАЕУ кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.
Мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүргізіледі. Сабақтар кредиттік оқыту технологиясы бойынша өтеді.
Факультет аудиториялық түрде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы білім береді. Қашықтықтан оқыту келесі нормативтік құжаттарға сәйкес ұйымдастырылады: «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары және білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 10768 тіркелген). Қашықтықтан оқыту технологиясын ҚАЕУ сайтында орналасқан «Moodle» платформасы қамтамасыз етеді.
Факультеттің қызмет мазмұны мен технологиясы білім алушылардың тұлғалық, шығармашылық және кәсіби дамуына бағытталған. Студенттер тек іргелі және кәсіби білім алып қана қоймай, өзін-өзі дамыту мен басқалармен бірлесе шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін де қалыптастырады. Құрмет пен өзара сенім атмосферасы — студенттерді оқытудың басты қағидаты. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы білім алушылар контингентінің ерекшелігін ескереді — олар кәсіби тәжірибесі бар, жеткілікті дәрежеде ересек жастағы адамдар.
Факультет түлектері жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын сәтті меңгеріп, ғылыми қызметке бейімділік танытқан жағдайда магистратурада оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие.
Оқу процесін ұйымдастыруды деканат жүзеге асырады. Оның құрамына декан Шефер Надежда Михайловна, факультет әдіскері Шарыпова Алтынкыз Бимухамбетовна және тіркеу офисінің қызметкері Садибекова Меруерт Абилхасимовна кіреді.
Факультеттегі білім беру бағдарламалары, оқу мерзімі және бітірушілерге берілетін дәрежелер туралы ақпарат төмендегі кестеде көрсетілген:
| № | Шифр | Білім беру бағдарламасы | Дәреже | Оқу мерзімі | |
| ЖБ база-сында | ТжКБ база-сында | ||||
| 1 | 6В01302 | «Бастауыш білім беру» (IP) | білім беру бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 2 | 6В01706 | Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) | білім беру бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 3 | 6В01707 | Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP) | білім беру бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 4 | 6В01703 | Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын) | білім беру бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 5 | 6В01402 | «Дене шынықтыру және спорт» (IP) | білім беру бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 6 | 6В02301 | Аударма ісі | тіл білімінің бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 7 | 6В03101 | Халықаралық қатынастар | әлеуметтік білімдер бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 8 | 6В03102 | Психология | әлеуметтік білімдер бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 9 | 6В03201 | Журналистика | әлеуметтік білімдер бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 10 | 6В04104 | Қаржы | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 11 | 6В04101 | Экономика | экономика бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 12 | 6В04102 | Менеджмент | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 13 | 6В04103 | Есеп және аудит | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 14 | 6В04108 | Маркетинг және PR менеджменті | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 15 | 6В04201 | Құқық | құқық бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 16 | 6В04204 | Құқық және кеден қызметі | құқық бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 17 | 6В04205 | Құқық және құқық қорғау қызметі | құқық бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 18 | 6В06101 | Ақпараттық жүйелер | ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 19 | 6В11101 | Туризм | қызмет көрсету саласының бакалавры | 2 жыл | 2 жыл / 3 жыл |
| 20 | 6В11102 | Мейрамхана ісі және қонақ-үй бизнесі | қызмет көрсету саласының бакалавры | 2 года | 2 года / 3 года |