Болашаққа жол ашатын білім ордасы – ҚАЕУ-дің «Педагогика және психология» кафедрасы!
Сен де болашағыңды біліммен байланыстырғың келе ме? Өз еліңнің мәдениеті мен дамуына үлес қосқың келе ме? Онда Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасы сені күтеді!
Бұл кафедра – заманауи білім, ұлттық құндылықтар мен жаһандану басымдықтары шебер үйлескен, халықаралық стандарттар тоғысқан іргелі орталық. Мұнда сен тек теорияны меңгеріп қана қоймай, нақты практика арқылы өз мамандығыңның кәсіби шебері атануға мүмкіндігің болады.
«Педагогика және психология» кафедрасы ұсынатын мамандықтар тізімі:
6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
6В01702 «Орыс тілі мен әдебиеті»
6В01301 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
6В01401 «Дене шынықтыру және спорт»
6В03102 «Психология»
6В03201 «Журналистика»
Қазақ тілі мен әдебиеті
Ұлтымыздың рухани қазынасы – тіліміз бен әдебиетімізді меңгеріп, оны болашақ ұрпаққа жеткізуді қалайсың ба? Бұл мамандық – ұлағатты ұстаз ғана емес, ұлт жанашыры болудың жолы! Бағдарлама түлектері білім беру саласымен қоса, мемлекеттік қызметте, іс-қағаздарын жүргізу, аударма мен бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етуге қажетті дағдылармен қаруланады. Мамандық түлектері өз білімдерін магистратура деңгейінде тереңдетуге керемет мүмкінік алуда.
Орыс тілі мен әдебиеті
Қазақстандағы көптілділік саясаты аясында орыс тілі – маңызды мәдени және кәсіби құрал. Бұл мамандық арқылы сен білікті тіл маманы, аудармашы не редактор ретінде еңбек ете аласың. Грамматикасы әлем тілдерінің ішінде ең күрделі болып табылатын орыс тілін жетік меңгерген маман – бәсекеге қабілетті, сұранысы жоғары маман екенін ұмытпа! Бағдарлама түлектері осыны дәлелдеп, бүгіні таңда іргелі оқу орындарда оқытушылар, жоғар санатты педагогтар, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары атануда.
Бастауыш сыныптарда оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Білім мен тәрбиенің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Егер сен кішкентай балалармен жұмыс істеуді ұнатсаң, олардың алғашқы ұстазы болуға дайын болсаң – бұл мамандық саған арналған. Таңдауың баланың адалдыққа толы таза жүрегінде сені маңызды тұлға етіп қалдыратын ізгі жол болмақ! ҚАЕУ-дегі бұл бағдарлама бойынша білім алғандар бүгінгі таңда өз орнын тапқан педагог-зерттеуші, педагог-шебер деңгейлерінде қызмет етіп жатыр.
Дене шынықтыру және спорт
Салауатты өмір салтын дәріптеп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуді армандайсың ба? ҚАЕУ-дің бұл мамандығы сені кәсіби бапкер, нұсқаушы немесе дене шынықтыру мұғалімі болуға дайындайды. Университет спортпен айналысатын түлектерді үнемі қолдайды. Студенттер қалалық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, оқу ақысына жеңілдіктер, Президент грантының иегерлеріне айналуда.
Психология
Қоғам мен жеке тұлға арасындағы байланысты түсініп, адамдарға көмектескің келе ме? Психолог мамандығы – бүгінгі таңда жоғары сұраныстағы бағыттардың бірі. ҚАЕУ-де бұл сала іргелі әрі заманауи әдістемемен оқытылады, ал студенттері болса, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды белсенді түрде иемденіп жүр.
Журналистика
Шындықты жеткізіп, қоғам дамуына үн қосқың келе ме? Журналистика мамандығы – еркін ойлайтын, өз пікірін ашық айта алатын жастар үшін таптырмас таңдау. Бұл жерде сен теорияны ғана емес, дуалды оқыту бағдарламасы негізінде тәжірибелі журналистер шеберлігінен де үлгі аласың. Бағдарлама білім алушылары академиялық ұтқырлық аясында халықаралық тәжірибе жинақтап, кәсіби ортада өздерін сынап көруге мүмкіндік алады. Іс-тәжірибені жергілікті БАҚ өндірісінде ғана емес, еліміздің іргелі медиа-хабтарында да өтейді.




