«Coding Skills» бағдарламалау бойынша VIII Өңірлік олимпиада

2025 жылғы 3-4 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасы Oskemen IT-Hub -пен бірлесіп «Coding Skills» бағдарламалау бойынша VIII өңірлік олимпиада өткізді!

Аталған іс-шараның мақсаты – ТжКБ ұйымдарының білім алушылары арасында зияткерлік жарыстарға қоғамның назарын аудару, зияткерлік көшбасшылық пен командалық рухты дәріптеу, дарынды жастардың кәсіби деңгейін арттыру, ШҚО ақпараттық технологиялар саласын дамыту, сондай-ақ бағдарламалаудағы  тәжірибелік дағдыларды тексеру және қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту.

Олимпиадаға келесі колледждер қатысты:

1.         Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ IT Жоғары колледжі.

2.         «Алтай Жоғары колледжі» мекемесі

3.         «Гуманитарлық-техникалық колледж» ЖШС

4.         Өскемен экономика және техника колледжі

5.         С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі.

6.         ҚАЕУ Жоғары колледжі

7.         Өскемен Жоғары политехникалық колледжі

Олимпиада бағдарламасы екі турдан тұрды:

Бірінші тур – «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша тестілеу.

Екінші тур – бағдарламалау мәселелерін шешу. Олимпиаданың екінші турына бірінші турдан сәтті өтіп, ең жоғары балл жинаған 28 қатысушы жіберілді.

Екінші турда қатысушыларға әртүрлі күрделіліктегі бағдарламалау бойынша 5 тапсырма ұсынылды: жеңіл санатынан 2 тапсырма, орташа күрделілік санатынан 2 тапсырма және күрделі санаттан 1 тапсырма. Тапсырмаларды шешуге 2,5 сағат уақыт берілді. Бағдарламалау тілі шектелмеді, қатысушылар оны өздері таңдады.

Шығыс Қазақстан облысы ТжКБ ұйымдарының білім алушылары арасында «Coding Skills» бағдарламалау бойынша VIII өңірлік олимпиадасының нәтижелері бойынша бизнес кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша бірінші дәрежелі дипломмен және 30% жеңілдікпен оқуға сертификатпен Качесов Роман Александрович («Алтай Жоғары колледжі» мекемесі) марапатталды.

Екінші дәрежелі дипломмен және бизнес кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша 20% жеңілдікпен оқуға сертификатпен Жилов Тимур Русланович (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ IT Жоғары колледжі) марапатталды.).

Үшінші дәрежелі дипломмен және бизнес кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша 10% жеңілдікпен оқуға сертификатпен Виктория Дмитриевна Голованова (ҚАЕУ Жоғары колледжі) марапатталды.

Барлық қатысушыларға алдағы жеңістер тілейміз!

Бизнес кафедрасы