Coursera платформасында онлайн оқыту мүмкіндіктері туралы презентация
2026 жылғы 2 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Coursera платформасында онлайн курстар мен жаппай ашық онлайн курстардың (MOOC) мүмкіндіктеріне арналған презентация өтті. Іс-шара 7М01701(2) «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының магистранттарына «Шетел тілін оқытудағы коммуникативтік-когнитивтік тәсіл» пәні аясында ұйымдастырылды (аға оқытушы – Осколкова Анна Александровна).
Презентацияның негізгі мақсаты магистратурада білім алушылардың заманауи Coursera білім беру платформасын пайдалана отырып, онлайн оқуға кеңінен қатысу мүмкіндіктерін қарастыру болды. Кездесу барысында қатысушылар платформаның функционалдық мүмкіндіктерімен, лингвистика, педагогика және сабақтас пәндер бойынша курстардың алуан түрлілігімен, сондай-ақ шетелдің жетекші университеттерінен сертификат алу мүмкіндіктерімен танысты.
MOOC артықшылықтарына ерекше назар аударылды, оның ішінде оқытудың икемділігі, өзекті білім беру ресурстарына қолжетімділік және білім беру траекториясын дараландыру мүмкіндігі атап өтілді. Сонымен қатар, онлайн курстарды оқу үдерісіне енгізу және болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Презентация магистранттардың үлкен қызығушылығын тудырып, олардың академиялық және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.
Шетел тілдері кафедрасы


