Digital Safety and Cyberbullying: ҚАЕУ-де ашық сабақ өтті

2026 жылғы 24 қыркүйекте шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Палкин Александр Вячеславович Қазақстандық білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламалары бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақ «Заң мен тәртіп» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, «Digital Safety and Cyberbullying» тақырыбына арналды. Студенттер цифрлық ортадағы негізгі қауіп-қатерлерді қарастырып, кибербуллинг мәселесі мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар өз пікірлерін білдіріп, оларды ағылшын тілінде дәлелдеді.

Пікірталас форматы шетел тілін практикалық тұрғыда қолдануды қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаумен ұштастыруға мүмкіндік берді. Цифрлық ортадағы нақты жағдайлармен жұмыс істеу студенттердің сыни ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын, цифрлық сауаттылығын және жеке әрі қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын дамытуға ықпал етті.

Мұндай сабақтарды өткізу студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар «Заң мен тәртіп» мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне сәйкес цифрлық кеңістікте жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.