«Достық толқынында – 2026» студенттер фестивалі
1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күнінде, Өскемен қаласында аймақтың дарынды жастарын біріктірген «Студенттік көктем – 2026» аясында «Достық толқынында – 2026» атты жарқын әрі ауқымды студенттер фестивалі өтті.
Осынау маңызды шарада ҚАЕУ намысын қорғау мәртебесі «One Sense» және «Vortex» би ұжымдарына бұйырды. Студенттер жоғары дайындық деңгейін, әртістік шеберлік пен шығармашылық ерекшеліктерін көрсетіп, университетті облыстық сахнада лайықты таныта білді.
Фестиваль жоғары ұйымдастырушылық және шығармашылық деңгейде өтіп, көрермендерге музыка мен биге, жарқын эмоцияларға толы нағыз мерекелік атмосфера сыйлады.
Кештің салтанатты түйіні облыс әкімі Н.А. Сақтагановтың құттықтауы болды. Ол аймақтың мәдени өмірінің дамуына үлес қосқан белсенді де дарынды жастарға алғысын білдірді.
Фестиваль қорытындысы бойынша ҚАЕУ студенттері бағалы сыйлықпен марапатталды, бұл олардың еңбегінің, таланты мен шығармашылыққа деген талпынысының лайықты мойындалуы болды.
Мұндай іс-шараларға қатысу студенттердің әлеуетін ашуға, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.



















