ЕАГИ-де дәріс: академиялық ынтымақтастықтың жаңа қадамы

2026 жылғы 22–25 сәуір аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушы-зерттеушісі Н.К. Тургумбаева Астана қаласындағы А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында іссапарда болып қайтты. Шара екі жоғары оқу орны арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Сапар барысында «Қазақ диалектологиясы» пәні бойынша дәрістер оқылып, студенттерге теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған сабақтар өткізілді. Сонымен қатар оқытушы Қазақстан-Американдық еркін университетінің білім беру мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беріп, ЕАГИ студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға шақырды. Нәтижесінде келер оқу жылында Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша бір семестр көлемінде білім алып, тәжірибе алмасуға ниетті студенттердің бар екені анықталды.

Еуразия гуманитарлық институты тарапынан Нұрсұлу Қайырдықызының кәсіби шеберлігі мен оқу үдерісінің сапасын арттыруға қосқан үлесі жоғары бағаланып, алғыс білдірілді. Бұл іссапар жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды нығайтып, тәжірибе алмасуға жол ашқан маңызды қадам болды.

Педагогика және психология кафедрасы