Екі дипломдық бағдарламаның студенттері күзгі семестрден өту үшін ҚАЕУ-ді таңдады

Германияда Westsächsische Hochschule Zwickau (WHZ) және серіктес университеттермен, соның ішінде Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесіп іске асырылатын Management and Information Technology халықаралық екі дипломдық магистрлік бағдарламасының студенттерімен ақпараттық кездесу өтті.

Осы бағдарлама  аясында студенттер оқудың бір бөлігін серіктес университеттерде өту мүмкіндігіне ие болады. Студенттер Қазақстан-Американдық еркін университетін семестрден өту үшін қабылдаушы университет ретінде таңдады.

Студенттермен кездесуді ҚАЕУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Мерзоянұлы Әбілов өткізді. Ол ҚАЕУ-де оқу  үдерісін ұйымдастыру тәртібін, келесі күзгі семестрде оқу ерекшеліктерін, оқытушылармен өзара іс-қимыл форматын, сондай-ақ Қазақстанда болу үшін құжаттарды дайындау және виза алу рәсімін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Академиялық және ұйымдастыру мәселелеріне: алдағы семестрдің құрылымына, гибридтік форматтағы оқу шарттарына, шетелдік студенттерді әкімшілік сүйемелдеуге, Өскеменде болу және бейімделу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Екі дипломдық бағдарлама аясында ҚАЕУ-де оқуды барлығы 26 студент таңдады. Келесі күзгі семестрде олар Қазақстан-Американдық еркін университетінде гибридтік форматта оқитын болады.

KAЕУ-нің Management and Information Technology екі дипломдық магистрлік бағдарламасын іске асыруға қатысуы университеттің халықаралық академиялық ынтымақтастығының маңызды бағыты болып табылады. Бағдарлама менеджмент, ақпараттық технологиялар, бизнес-әкімшілендіру және мәдениетаралық коммуникация саласындағы білімді үйлестіретін мамандарды даярлауға бағытталған.

Өткізілген кездесу студенттерді KAЕУ-де оқуға даярлаудың маңызды кезеңі болды және шетелдік студенттердің Қазақстан-Американдық еркін университетінің білім беру мүмкіндіктеріне жоғары қызығушылығын дәлелдеді.