Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу: теориядан тәжірибеге

2026 жылдың 4 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Психология» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: практикалық тәжірибе» тақырыбында қонақ семинары өтті.

Спикер ретінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ педагог-психологі Әйкен Ерікболсын Жәнібекұлы сөз сөйледі.

Семинар барысында студенттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарымен, практикалық әдістері және тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар балалармен, ата-аналармен және педагогтермен өзара әрекеттесу ерекшеліктері мен кәсіби тәжірибеден алынған жағдайлар талқыланды.

Кездесу соңында студенттер сұрақтарын қойып, маманнан тәжірибелік кеңестер алды.