Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу: ҚАЕУ-нің кәсіби семинарға қатысуы

2026 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) ұйымдастырған «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу» тақырыбында мамандандырылған семинар өтті.

Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының заң қоғамдастығының өкілдерін біріктірді: адвокаттар, заң консультанттары, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, соның ішінде Қазақстан-Американдық еркін университеті.

Қазақстан-Американдық еркін университетінен семинарға заң клиникасының басшысы Савелий Александрович Мужчиль, сондай-ақ «Құқықә бағытындағы білім беру бағдарламаларының студенттері белсенді қатысты:

• Бастаногов Никита (4 курс, «Құқық және кеден қызметі» ББ); 

• Гитерман Аделина (1 курс, «Құқықтану» ББ); 

• Серікбаев Тұрсынхан (1 курс, «Құқықтану» ББ). 

Семинар барысында еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері, оның ішінде еңбек заңнамасын дамытудың қазіргі үрдістері, оны қолдану  тәжірибесі және еңбек құқықтарын қорғау тетіктері қаралды.

ҚАЕУ студенттерінің осындай кәсіби алаңдарға қатысуы олардың тәжірибеге бағытталған құзыреттерін дамытуға, құқықтық ойлауды қалыптастыруға және құқық қолдану қызметінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер кәсіби білімнің едәуір кеңеюін және еңбек құқығын одан әрі зерттеуге қызығушылықтың артқанын атап өтті

                                                 Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы