Глубокое ауданының оқушылары ҚАЕУ-де болды

2026 жылғы 29 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетіне №1 Белоусовка орта мектебі мен Глубокое ауданының Ушанов орта мектебінің түлектері келді.

Кәсіби бағдар беру кездесуі аясында болашақ талапкерлер университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, дайындық бағыттары, түсу ерекшеліктері, ЖОО-да оқудың артықшылықтары, студенттік өмір, халықаралық бағдарламалар және кәсіби даму  келешегі туралы білді.

Қонақтар үшін интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылды, оның барысында оқушылар студенттік орта туралы көбірек біліп, қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Сондай-ақ, қатысушылар үшін университет ғимараты бойынша экскурсия өткізіліп, ҚАЕУ инфрақұрылымымен және  ахуалымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.