Халықаралық Resource Exchange International ұйымының өкілдері ҚАЕУ-де болды

2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетіне Resource Exchange International (REI) халықаралық ұйымының өкілдері – ұйымның директорлар кеңесінің төрағасы Брайан Гиббс, Реней Гиббс және Шэннон Сандквист келді.

Сапар аясында ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлымен, ҚАЕУ бірінші вице-президенті Жасұлан Ерболұлы Байкеновпен және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Серік Мерзоянұлы Әбіловпен қонақтардың кездесуі өтті.

Тараптар одан әрі ынтымақтастық келешегін, ҚАЕУ Халықаралық Көшбасшылық Академиясына шетелдік студенттер командасының қатысуын, сондай-ақ халықаралық волонтерлік бастамаларды дамытуды талқылады. Мұндай тәжірибе 2025 жылы сәтті жүзеге асырылды. 2026 жылдың жазында Академия жұмысына Оклахома штатының студенттері де қосылды.

Брайан Гиббстің АҚШ пен Жапониядағы үкіметтік емес ұйымдармен көп жылдық тәжірибесі бар. Шэннон Сандквисттің Сингапур мен АҚШ-тағы ҮЕҰ-мен халықаралық тәжірибесі бар, ол халықаралық студенттерді сүйемелдеуге және Колорадо мен Айова штаттарында халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға баса назар аударады.

Resource Exchange International – Колорадо штатындағы Колорадо-Спрингс қаласындағы университеттермен, мектептермен және денсаулық сақтау мекемелерімен ынтымақтасатын, өз қауымдастықтарының дамуына үлес қоса алатын жергілікті мамандарды даярлауға жәрдемдесетін ұйым.

ҚАЕУ мен REI ынтымақтастығы 2019 жылдан бері табысты дамып келеді, ал 2024 жылы ресми меморандумға қол қою серіктестікті жаңа деңгейге көтерді. Бұл өзара әрекеттесудің маңызды буыны –  ҚАЕУ профессоры Рональд Уайли мен оның  жұбайы Жанин Уайлидің қызметі. Бес жыл бойы олар Өскеменде тұрады және Орталық Азиядағы REI жобаларын үйлестіреді. Рональд Уайли сонымен қатар көптеген жылдар бойы Брайан Гиббс пен Шэннон Сандквистпен кәсіби байланыста болды.

Серіктестік қазірдің өзінде тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізуде: REI командасының екі қатысушысы Қазақстан-Американдық еркін Университетінде оқиды және 2026 жылдың жазында Халықаралық Көшбасшылық Академиясының қатысушылары болды.

Resource Exchange International өкілдерінің сапары ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастығын нығайтудағы, волонтерлік жобаларды дамытудағы және студенттер үшін мәдениетаралық өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейтудегі кезекті қадам болды.