ҚАЕУ «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының ШҚО жас ғалымдарымен кездесуіне қатысты

2025 жылғы 4 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университеті «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп ұйымдастырған кездесуге қатысты. Іс-шара Өскеменде өтті және партия өкілдері мен  өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының – ҚАЕУ, ШҚТУ және ШҚУ  жас ғалымдарын біріктірді.

Іс-шара бағдарламасы ШҚТУ инновациялық ғылыми орталықтары бойынша экскурсияны және «Қазақстан ғылымындағы жас ғалымдардың рөл» тақырыбында дөңгелек үстелді қамтыды. Дөңгелек үстел аясында ҚАЕУ өкілі – жас ғалым Тәжиева Маржан Нұрбекқызы «Қазақстанның ғылымы мен жоғары біліміндегі әйелдердің рөлі» атты баяндама жасады. Өз сөзінде ол әйел ғалымдардың ұлттық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті, негізгі сын-қатерлер мен  келешекті белгіледі, сондай-ақ ҚАЕУ-нің гендерлік теңдікті қолдау және академиялық көшбасшылықты дамыту жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

ҚАЕУ-нің осындай іс-шараларға қатысуы университеттің жастардың ғылыми әлеуетін дамытудағы және еліміздің ғылымы, білімі мен қоғамдық-саяси институттары арасындағы диалогқа жәрдемдесудегі белсенді ұстанымын ерекше атап көрсетеді.